Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус оқыс оқиғаға тап болды

ашық дереккөзі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1516

Ақтөбе облысында шетелдіктер мінген автобус қар құрсауында қалды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Әйтеке би ауданының қар басқан жолында «Мәскеу – Тәжікстан» бағытындағы автобус тоқтап қалды. Көлікте 57 адам болған, оның ішінде 3 бала бар еді. Құтқарушылар барлық жолаушыларды эвакуациялап, жылыту пунктіне орналастырды. Қуаныштысы, ешкім зардап шеккен жоқ.

Сонымен қатар, Қарғалы ауданында қар құрсауынан 11 Өзбекстан азаматы құтқарылды. Көліктер сүйреп шығарылып, адамдар қауіпсіз ауылға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: ауа райы қолайсыз болған кезде ұзақ сапарға шықпаған жөн, жолдағы шектеулерді мұқият қадағалау керек.

Ауа райының күрт өзгеруі мен қар құрсауы жол қозғалысына қауіп төндіруде, сондықтан жүргізушілерге абай болу ұсынылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...