Мөлдір Мұқан ел естімеген қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: Әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1106

Продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесіне құрбысы су жаңа көлікті тарту етті.

"Алла адамға айтпай сынақ ғана бермейді, айтпай сыйлық та береді. Ниетің қандай түзу болса, жолыңа да тілектес, ниеттес адамдар жолығады.

Екі аяғыма шүкір деп жаяу жүргенімде Айгүл төрт аяқты тұлпар сыйлап таңғалдырды. Көркің де, көлігің де, өмірің де тозбасын деп тілек білдірген досыма үлкен рақмет!

Қазақ бай болсын, бір-біріне сай болсын!

Дөңгеленген дүниеде көліктеріңнің дөңгелегі айнала берсін, құрбым!",-деп жазды Мөлдір Мұқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непалда соңғы аптада табиғи апаттар қайталанды. 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде балағат сөздер жариялаған әйелдің акка...