Мүфтият марқұмдардың бейнесін жандандыратын қосымша туралы қандай пікірде?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
489

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Deep Nostalgia технологиясын марқұмдардың суреттеріне қолдануға жалпы түрде рұқсат берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайлды MadeniPortal.kz.

Дипностальгия (Deep Nostalgia – терең сағыныш) – нейрожелілік алгоритмдер негізінде статикалық портреттерді анимациялау технологиясы. Бұл технологияны  көбінесе марқұмдардың бейнесін жандандыру мақсатында қолданады.

Алайда бұл тек белгілі шарттар сақталған жағдайда ғана мүмкін. Атап айтқанда, технология марқұмды қорлау, мазақ ету үшін қолданылмауы керек, туыстарына зиян тигізбеуі тиіс және жақындарының рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Сонымен қатар жасалған бейнені шын видео ретінде таратуға қатаң тыйым салынады.

Мамандар бұл технология бастапқыда жұбаныш бергенімен, ұзақ мерзімде психологиялық кері әсер тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды MadeniPorta...

СПОРТ

FIFA Ирандағы соңғы оқиғаларға байланысты жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&...