Абай облысында бір күнде төрт адам жол апатынан қаза тапты

Фото: облыстық полиция департаменті

ЖАҢАЛЫҚТАР
694

Абай облысында 3 қазанда бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады  MadeniPortal.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция дерегінше, Омбы – Майқапшағай тас жолында екі бөлек жол апаты болды. Қайғылы жағдайларға мынадай ереже бұзушылықтар себеп болған: қарсы бағыттағы жолаққа шығу; тұтас сызықта көлікті бұру.

Осы өрескел заңбұзушылықтар салдарынан төрт адамның өмірі қиылды.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасап, көлік жүргізу кезінде абай болуға шақырды.

«Рөлге отырған әр адам аса мұқият болып, жауапкершілікті сезінуге тиіс. Үйде сізді жақындарыңыз күтіп отыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Сарапшылардың айтуынша, жол апатының негізгі себептері жылдамдықты арттыру; жол қозғалысы ережелерін сақтамау; мас күйінде көлік жүргізу.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алкогольдік мас күйде болған, шизофрениямен ауыратын ер адам Екібастұзда әйелін шәйнекпен ұрып-соққа...