Олжас Бектенов: “Қазіргі уақыт Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі”

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2571

Үкімет басшысы шешім осыдан 7 жыл бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулерге сүйене отырып қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Ғалымдар табиғи уақытта өмір сүру адамдар үшін ең пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылып жатыр. Біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 – Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі. Біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік», - деді Олжас Бектенов Қостанай өңіріне жасаған сапарында. 

Премьер-министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір азаматтарға ыңғайсыздық әкелуі мүмкін екенін де жасырмайды. Бірақ адамның ағзасы оған да біртіндеп үйренеді дейді. Сөзінше, өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар туындаған жағдайда, инфрақұрылым, жарықтандыру, ыңғайлы кестені ұйымдастыру сияқты мәселелермен жұмыс істеу қажет. Үкімет осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешуге дайын көрінеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...