«Мұғалім 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен»: Алматы облысында үйірме ұстазы қонақ үйде ұсталды

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1434

Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы ұсталды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Екеуінің қонақ үйге барып, бөлмеге бірге кіргені бастан-аяқ бақылау камерасына түскен. Көп ұзамай полицейлер келіп 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Ал қонақ үйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі, кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр.

Оқиға Өтеген батыр ауылындағы «У Розы» қонақүйінде болған. Түнгі сағат 2-ден аса қонақүйге ер адам кіреді. Қызметкерден бөлменің бағасын сұрағасын, сыртқа шығып, жанына жас қызды ертіп қайта келеді. Ақшасын қолма-қол төлеп, екеуі бос бөлмеге қарай кетеді. Олар бөлмеге кіргеннен кейін көп ұзамай қонақүйге полицейлер келеді.

Қонақүй қожайынының айтуынша, бұл құрыққа түсіру айласы. Ал Алматы облысы полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Полиция күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жәйін жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полиция «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу»бабы бойынша іс қозғағанын атап өтті. Қылмыс дәлелденсе күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...