Мұғалімнің миын атала қылмалық!

Жаңалықтар
1867

Бүгін бір мектептің мұғалімдеріне (толық жаза алмаймын. Бірақ рас ақпарат) 9 мамыр Жеңіс күніне орай бір күндік жалақыларын ауданның бюджетіне аудару туралы үндеу жарияланыпты. Тіпті банктен есепшот ашылып та қойған. Енді мектеп директорлары сол үндеуді ұстап алып "орындау керек" деп отыр дейді. Ал мұғалімдер министрлікке телефон шалса "ол заңсыз" деген екен. Бірақ Жеңіс күні қарсаңында жылда осылай бір күндік жалақыларын ұстап қалады. 

Есептеп көрелік: мәселен, бір ауданда 40 мектеп бар. Сол 40 мектепте 80 мұғалім бар дегенде аудан бойынша жалпы 2800 мұғалім бар делік. Ал енді сол 2800 мұғалімнің бір күндік жалақысы шамамен 7000 теңге деп есептегенде 19 млн 600 мың теңге аудан бюджетіне түседі екен. Міне, аудан көлемінде еңбек ететін атқамінерлер осылай да мұғалімдердің есебінен мұртын майлап алады. 

Білім және ғылым министрлігі бұған тыйым сала ала ма екен?! Мұғалімдердің есебінен той тойлауға, ұстаздарды жұмысқа жегіп, көшелерді тазартып алуға, массовкаға апаруға, сайлау болса күні түні елді сайлауға шақырып шақыру қағазын тараттыруға келгенде алдымызға жан салмайтын елміз. Ал сол ұстаздардың жалақысын өсіруге келгенде неге кежегеміз кейін тартып қалады осы?! 

Бұл салаға қайта қайта реформа енгізіп мұғалім мен баланы экперимент құралы етіп алдық. Баяғыда апаларымыз "миымды атала қылма" деп ұрсушы еді. Бір күні ұстаздарымыз солай шыңғырып жүрмесін. 

Соған шақ қалдық негізі. 

Карлыгаш Зарыкхановна


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...