Жүктіліктің он екінші аптасына дейін есепке тұрған болашақ аналарға 425 мың теңге төленуі мүмкін.Ден...
Жігер Ауыпбаев әйелімен сынның астында қалды
Фото: әлеуметтік желі
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті. Ерлі-зайыптылардың жеке өмірі мен ерлі-зайыптылық қарым-қатынасқа қатысты ашық әңгімелері кейбір желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әсіресе олардың тікелей эфирлерде қозғайтын тақырыптары сынға ұшыраған. Пікір білдірушілер мұндай контентті кәмелетке толмаған балалар да көретінін айтып, әлеуметтік желіде белгілі бір әдеп нормалары сақталуы керектігін алға тартқан.
“Мұндай видеоларды балалар да көреді”, “Отбасының жеке өмірін көпшілікке жариялаудың қажеті қанша?”, “Хайп үшін шектен шықпау керек” деген сарындағы пікірлер айтылуда.
Кейбір қолданушылар мұндай эфирлерге шектеу қою қажет деп есептесе, енді бірі әлеуметтік желіде қандай тақырыпты талқылау әр адамның жеке таңдауы екенін алға тартады.