Павлодар тұрғыны 16 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтып, видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды...
Қазақстанға сырттан бидай әкелуге тыйым салынды
Сурет: https://abai.kz
Статистикалық деректер бойынша биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша бидай импорты 1,3 млн тоннаны құрады. Бұл іс жүзінде былтырғы импорттың жылдық көлеміне тең, ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Мәселен, статистика деректері бойынша биылғы 1 шілдесінде республика бойынша шамамен 6,1 млн тонна астық қоры, оның ішінде бидай – 5,1 млн тонна, оның ішінде азық – түлік мақсатындағы бидай – 4 млн тонна болды.
Сонымен қатар, қабылданған шаралар мен қолайлы ауа райының арқасында вегетациялық кезеңде астықтың жақсы өнімділігі болжанады, бұл ауыспалы қорларды ескере отырып, астық нарығында артық ұсыныс жасайды.
Осыған байланысты, ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды (СЭҚ ТН коды: 1001) Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
ВАК шешіміне сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 278 тиісті бұйрығы бекітілді.
Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.