Қостанай қаласының тасқынға қарсы жедел штабының мәліметінше, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су...
«Неге тырқылдап отырсың»: Танымал тарихшы Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алды (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Тарихшы Құттықбек Әшірхан Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеу мәнеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ол әзілкештің Орал өңіріне тән жаргондарды көпшілікке кеңінен таратқанына ренішін жеткізді.
"Тұрсынбек Қабатовқа ренжіген жерім - Оралдың жаргонын миллиондаған көрерменге вирус сияқты жұқтырып кетті. "Айтып жатырқ, істеп жатырқ" деген. Мен айтамын: "Айналайын, "тырқ" деген сөз адамның аузынан шықпайды, артынан шығады. "Неменеге тырқ-тырқ етіп, тырқылдап отырсың?" деп айтады. Ол бір анайылау сөз. Әдеби нормаға келмейді. Біз әдеби норманы сақтауымыз керек. "Біррез" деген сөз бар тағы. Бұл-сөз емес, бөз. Біррез емес, "бір рет", "қайта", "дүркін" деген сияқты қазақтың қаншама синонимы бар. Сөйлеу мәдениетіне мән беру керек", - деді ол.