Қарағанды өңірінде атқарылып жатқан бірқатар жобалар турасында облыс әкімінің орынбасары Абзал Нұрке...
«Хабарлама келген»: Атыраудағы жоғалған отбасы жайлы жаңа дерек шықты
Фото: Атырау облысы ПД
Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Журналист Жанат Молдашова Наурыз есімді жігіт туралы тың дерек айтты.
"Наурыздың телефонымен жазып отырған адамның әзірге кім екенін білмейміз. Тек қана жазып қана сөйлесіп отырған. Сол кезде жаңа сатқан малдарды "өздерің қалаған бағаға ала беріңдер" деп жазған көрінеді. Ондай да бар. Қарашаның екісі күні келген қыз бен күйеу бала бесі күні кеткен деген де ақпарат бар. Тіпті көршісіне қарашаның алтысы күні Наурыздың атынан "малдарыма қарай тұршы" деген хабарлама келген. Сосын көршісі "басқа адамға тапсыр, менің қолым босамайды" деген. Сосын марқұм Мақсот ағамыздың банк картасынан көршіге 10 мың теңге аударып жібереді. "Қой, көрші болып ұят болады" деп көршісі кері аударып жіберген", – деді Жанат Молдашова.