Атырау облысында ауыр жол апаты болып, төрт адам ауруханаға түсті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1622

Атырау облысында Доссор-Құлсары автожолының 77-шақырымында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып қалды. Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні шамамен 12:40-та Құлсары қаласынан шыға берісте тіркелген.

Hyundai Elantra көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Жол апатының салдарынан 1984 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі, Бейнеу ауданынан Атырауға бет алған, сондай-ақ көліктегі үш жолаушы әртүрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — делінген полиция хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...