Некенің мерзімін ұзарту қажет пе? Министрлік жауап берді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
140

Әлеуметтік желіде некенің мерзімін ұзарту туралы ақпарат тарады. Әділет министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, ресми ақпарат жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Министрліктің мәліметінше, бұл алаяқтардың кезекті әрекеті болуы мүмкін.

«ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, министрліктің мәлімдемесінде ешкімге жеке басыңызға қатысты ақпаратты жібермеу және ресми ақпараттарға ғана жүгіну туралы айиылған. Заңға сәйкес, некені бұзу тіркеуші орган арқылы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, ал сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылатынын ескеріңіздер. 

«Осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырамыз. Дұрыс әрі нақты ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз», – деп жазады Әділет министрлігі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда ғимараттардың терезелері мен қасбеттерін тазалауда жаңа технология қолданылып жатыр....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылды. Сәби Гвардейск га...