Газада бір тәулікте 110 палестиналық қаза тапты

Фото: anadolu

ЖАҢАЛЫҚТАР
1886

Израиль армиясының Газа секторына жасаған соққылары нәтижесінде соңғы тәулікте 110 палестиналық мерт болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Катарлық Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде Рафах қаласының оңтүстігінде орналасқан Газаға гуманитарлық көмек көрсету қорының (GHF) тарату пункті маңында азық-түлік күтіп тұрған 34 бейбіт тұрғын да бар.

Телеарна Газа секторындағы денсаулық сақтау министрлігінің деректерін де келтіреді: мамыр айының соңында GHF жұмысын бастағаннан бері осы ұйым нысандарында 800-ден астам палестиналық қаза тауып, шамамен 5 мың адам жараланған.

Айта кетейік, 18 мамырда Израиль армиясы Газа секторының солтүстігі мен оңтүстігінде «Гидеонның күймелері» атты ауқымды құрлық операциясының басталғанын хабарлады. Әскери қимылдардың негізгі мақсаты – ХАМАС қозғалысын толық жою және анклавта кепілге алынған барлық израильдіктерді босату. Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, операция нәтижесінде армия Газа секторының бүкіл аумағын бақылауға алуды жоспарлап отыр. 

PESTEL

Түркияның Ыстанбұл қаласында 26 жастағы қазақстандық қыз қайғылы жағдайда қаза тапты. Алдын ала мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...