Нөсер жауыннан бір үйдің жеті адамы тірідей көміліп қалған

Фото: Str/Xinhua

ЖАҢАЛЫҚТАР
2621

Үндістан бақылайтын Кашмир аймағында сенбі күні толассыз нөсер мен көшкін салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, бір адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Синьхуаға сілтеме жасап. 

Ресми өкілдердің айтуынша, табиғи апат Сринагардың оңтүстігіндегі Реаси мен Рамбан аудандарында болған. 

"Таңертең ерте Реаси ауданының Карара ауылында жауын-шашыннан кейін болған көшкін бір үйді басып қалып, бір отбасының жеті мүшесі тірідей көміліп қалған. Ауыл тұрғындары мәйіттерді өздері алып шықты", — деді жергілікті билік өкілі. 

Сондай-ақ Рамбан ауданының Раджад ауылында тағы төрт адам қаза тауып, бір адам із-түссіз жоғалған.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...