“Миллиондап тікті”: Ел мақтаған Ілияс Сариев лудоман болып шықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2883

«Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналист Руслан Өтепбайға «Елге көмек бер» қайырымдылық қорынын Ілияс Сариевпен бірігіп ашқан Ақтоты Дүйсеева сұхбат берді. Ол сұхбат барысында Ілиястың құмар ойындарына миллиондап ақша тіккенін жасырмады.

«Жуырда ғана оның артық қылықтарын байқадық. Құмар ойындарына қаражат тігеді екен. Өз көзіммен көрдім. Миллиондап салған. Негізі 2014-2015 жылдары ойын ойнағанын білемін. Кейін «қойып кеттім» деген. Қайта қашан бастағанын білмеймін. Алған ақшасын орнына қоя алмай қалғаны сол үшін шығар», - дейді Ілиястың серіктесі.

Ақтоты Дүйсеева Ілияс Сариевтың 2018 жылы сөз салғанын айтты. Ол Ілиястың өз отбасы барын білмепті. Әрі Ақтоты Дүйсеева Ілиястың мұқтаждарға берілген 10 үйді сатып жібергенін білмейтінін айтты. Алайда Руслан Өтепбай 10 үйді сатып алған адаммен хабарласқанда үйдің иесі 10 үйді Ақтоты Дүйсееваға сатқанын айтты.

Нәтижесінде Ақтоты Дүйсееваның үстінен де қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаннұрды анасы түсте ойнауға жіберген, бір сағаттан кейін жоғалып кеткені белгілі болған, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

102 нөмеріне студентті тонау фактісі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 20 жа...