"Нұрайдың оқиғасы басымнан өтіп жатыр": Қызылордалық қыз полицияның құлықсыздығын сынға алды

Жазира Қуанышбайдың ашық парақшасынан алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1425

Жазира Қуанышбай есімді Қызылорда қаласының тұрғыны жарты жылдан бері өзін ер адам торуылдап жүргенін айтты, деп хабарлады Мadeniportal.kz.  

"Тура Нұрайдың оқиғасы менің басымнан өтіп жатыр. Қызылордада тұрамын. Полиция мен прокуратураға арызды 2-3 рет жаздым, жүрген жерімде 102 шақырып қайтамын немесе жалғыз жүрмеймін. Тек бір ғана жауап - мен тірімін. Прокуратура полицияға ысыра салды, бұндай істі қарамайтынын айтып. Ал полицияның алдына барып бапты көрсеттім, сол адамның барлық дерегін бердім, аңдып жүрген фото-видео дәлел бәрі бар. Сондада НОМЕНКЛАТУРАЛЫҚ ІС деп жабылды. Сонда мен НҰРАЙ секілді Құдай сақтасын қашан өлетінімді күтейін бе? Мен қашан емін-еркін, қорықпай жүре аламын? Жарты жыл болды, құдайдын құтты күні үйіммен жұмысымның алдына келіп тұрады. Мені танитындардың бәрі оны танып алған. Мен жай ғана үйіме өзім емін-еркін қайтқым келеді. ҚОРЫҚПАЙ!", - деп жазды Жазира Қуанышбай.

Еске салайық, 11 қаңтар күні Шымкентте Нұрай Серік есімді 21 жастағы бойжеткенді танысы көшеде пышақтап өлтірген болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...