«Нұрлы Жол» вокзалында ер адамды пышақтап кеткен оқиғаның мән-жайы айтылды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1172

Астанадағы «Нұрлы Жол» вокзалында ер адамды күтпеген жерден пышақтап кетті. Оқиға салдарынан ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астана станциясындағы желілік басқарма пышақ жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті оқиға ізінше дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Жарақат алған азамат ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты», – делінген ведомство хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...