Тоқаев кітап оқу үрдісін ұлттың озық қасиетіне айналдыруға шақырды

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
551

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Жақында АҚШ соттарының бірі шығарған шешімге сәйкес, кейбір интернет-платформалардың алгоритмі балаларға зиян келтіріп, психологиялық тұрғыдан тәуелді ететіні мойындалды.

Біз бұдан сабақ алуға тиіспіз. Сондықтан ұрпақ тәрбиесін әлеуметтік желілер мен видеосервистердің бодауына беріп қоюға болмайды. Бұл қосымша зерттеуді қажет етпейтін факт.

Отбасы институты мен білім беру жүйесін нығайту, шын мәнінде, балаларды кітап оқуға баулумен тығыз байланысты. Жалпы, осылай болуы қажет. Қанша жерден пессимистік пікірлер айтылса да, кітап – білім бұлағы әрі тәлімгер ретінде маңызын жоя қойған жоқ.

Кітап оқыған сайын танымың тереңдейді. Кітап ақыл-ойды шыңдап, дүниетанымыңды кеңейтетіні, адамдардың өз қарым-қабілетіне деген сенімін күшейтетіні белгілі», деді президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...