Нұрсұлтан Жақсыгеннің Меркідегі оқиғаға берген бағасы жұртты ашуландырды (ФОТО)

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
160

Меркідегі оқиғаға байланысты шоумен әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол оқиғаға байланысты ақпараттың пікірлер бөліміне «Кінә бір жақтан болмайды» деген жазба қалдырған.

Актердің бұл сөзіне Threads желісінің бір қолданушысы наразылығын білдіріп, оның пікірін сынға алды. Ол Жақсыгеннің ұстанымы қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін екенін жазған.

«Мына Нұрсұлтан алдын бір хит-ит болып еді ғой, әні тағы жазып отырғаны осы. Жермен-жексен ету керек. Итак мына қоғамда жетіспейтіндер көп, мынаның пікірінен соң, басқалар да солай ойлап отырады. БАЙКОТ НҰРСҰЛТАН ЖАҚСЫГЕН! БАЙКОТ! Қазақтың пазоры жоғал! Зорлық-зомбылықты ақтайтындарға бұл қоғамда орын жоқ!» – деп жазды қолданушы.

Ал желі қолданушылары пікірге наразылықтарын білдірген.

"Ой сорлы, бұл әлі жүрма осындай арам болғасынғо бойы бір қарыс боп қалғаны сұмырай десе", "Кінәні үнемі әйелден қыздан іздейдін иттер. Балаларды анасыз қалдырған жауыз ене мен бай онбайсыңдар",  "Қалай ол әлі жүр аузына келген айтып осындай қазақ жігітерінен не күтесін біреуі соны қойдыра алмадыма барлығы сол бір системада, - деген секілді пікірлер жазылған.

Осылайша Нұрсұлтан Жақсыгеннің Меркідегі оқиғаға қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде түрлі пікір туғызып, қоғам арасында қызу талқылауға себеп болды.

 
Посмотреть в Threads

Өнер

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО жән...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі бар екен...