“Бәріміз жақсы өмір сүруді қалаймыз”: Балжан Бидаш елді ойландырып қойды

Фото: инстаграмнан алынған/ bidash_official

Жаңалықтар
733

Балжан Бидаш кішкентайынан өзін дәлелдеу үшін тырысып жүретінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол бала күнінен бері жанұясы өзімен мақтанса екен дейтін көрінеді. Ол өзін дәледеу үшін барын салғанын жасырмады.

  "Кейде бір жетістікке жету үшін біреуге өзіңді дәлелдеу мотивация береді. Осы жазбаны көріп ата-анам "Ей жаным!" деп отырған болар. Өйткені әрқашан өзімді үйдегілерге жан-жақты дәлелдеуге тырыстым. Түпкі мақсатым отбасым менімен мақтанғаны болды”, - деп жазды әнші.

Әнші екі ұлдан кейін жалғыз қыз әрі кішісі болған соң пысық болғанын айтты.

"Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз, сондықтан адал табысыммен өмірден қалағанымды алғым келеді. Тек қана өнерде жүрмей бизнес түрлерін де көрдім. Бойымда кәсіптік бар екен. Тағдыр өзі айналдырып бизнеске әкелуде. Жылдар бұрын екі рет киім дүкенін қызығушылық ретінде ашып, саудада тәжірибе жинадым", - деді өнер иесі.

Оқиға

Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабар...

Жаңалықтар

Алматыда қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Өкініше қарай 2003 жылы туған жаяу ж...