Ақтауда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

Фото: lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
799

Ақтау қаласының 7-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен егде жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Үшінші қабаттағы пәтерден шыққан жағымсыз иісті сезген тұрғындар дабыл қағып, құзырлы органдарға хабар берген. 

№27 үй тұрғындарының айтуынша, зейнеткер әйел жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген, кейін подъезде мәйіт иісіне тән өткір иіс пайда болған. Көршілер күмәнданып, жедел қызметтерге хабарласқан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар барған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары пәтердің терезесін ашып, ішке кіріп, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне есік ашып берген. Пәтер ішінен 79 жастағы әйел адамның мәйіті табылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ тілі беделді Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасында (APLO-2026) алғаш рет ресми түрде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Өмірбекова әлеуметтік желіде ақынның дүниеден өтуіне байланысты ж...