Тағы да жер сілкініп, 43 жұмысшы үйіндінің астында қалып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2872

Мьянмада 7,9 балдық жойқын жер сілкінісінен кейін араға 12 минут салып, тағы бір 6,4 балдық дүмпу тіркелді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері көрші Таиландта, оның ішінде Бангкокта қатты сезілді. Қала билігі көпқабатты үйлерден тұрғындарды эвакуациялап, метро қозғалысын тоқтатты.

Қытай жер сілкінісі басқармасының мәліметінше, 6,4 балдық жаңа зілзала алғашқы 7,9 балдық дүмпуден кейін 12 минут өткенде болған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Бангкоктағы ғимараттардың бірі құлап, 43 жұмысшы үйінді астында қалған. Тайланд билігі қауіпсіздік мақсатында барлық әуежайлардың жұмысын уақытша тоқтатты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...