Қазақстандық опера әншісі халықаралық байқауда жеңіске жетті

Фото: Instagram/ aigerim_altynbek

ЖАҢАЛЫҚТАР
1165

Айгерім Алтынбек CLIP 2025 байқауында төрт бірдей номинацияны жеңіп алып, триумфатор атанды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ол бас жүлдені, көрермендер көзайымы жүлдесін, «Ең үздік әйел дауысы» номинациясын және танымал италиялық музыка маманы Карло Майердің арнайы сыйлығын иеленді. Бұл туралы ҚР Мәдениет министрлігі мәлімдеді.

Байқауға жалпы 200-ге жуық өтінім түскен, ал финалға әртүрлі елден келген он әртіс шыққан.

Уәде болашағынан үміт күттіретін вокалистерге қолдау көрсететін Чилилік Ибаньес-Аткинсон қоры Айгерім Алтынбекпен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін білдіріп, оған кәсіби дамуға бағытталған ұсыныстар мен қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Жеңімпаз Портофино қаласының басты алаңында өткен қорытынды гала-концертте Teatro Carlo Felice оркестрімен бірге өнер көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...