Қарағанды облысында 15 жастағы қызды тұрмысқа берген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1254

Қарағанды облысының полиция департаменті 15 жастағы қызға қатысты жасалған қылмыс бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмай тұрмысқа күштеп берілген және зорлық-зомбылық көрген қыз баланың басындағы тауқыметті Немолчи қоры жария етті. Қордың таратқан ақпаратына сүйенсек, өгей әке 15 жасар қызын 38 жастағы танысына тұрмысқа берген. Ал ол қызға бес күн бойы зорлық көрсеткен.

«Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Смаилованың айтуынша, бұл жағдай Қарағанды облысының Абай қаласында болған. 

Қыздың ағасы бізге хабарласты. Бес күн көрген қорлықтан кейін қыз қашып шығып, туған әкесіне келген. Әкесінің жүрегі ауырады. Олар бірден арыз жазды. Әдеттегідей өтінішті қабылдамай, сараптамаға жібермей уақытты созған. Іске біз араласқаннан кейін ювеналды полиция қызды Қарағандыға медициналық тексеруге жіберді. Бірақ бірге барған тергеуші құжатты дұрыс рәсімдемей, тексеруден өте алмай қайтты”, – деп жазды ол.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...