Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны туыстары ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлады MADENIPO...
Омар, Мирас және Мүслім: Алматыда үшем дүниеге келді
Фото: freepik
120
Жылдың басынан бері Алматыда 603 егіз және алты үшем дүниеге келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Солардың бірі жуырда №2 қалалық перинаталдық орталықта дүниеге келген үш ұл.
27 жастағы тұрғын бірден үш ұлдың анасы атанды. Отбасында енді төрт ұл бар. Сәбилердің салмағы 1740-1978 грамм, бойы 34-37 сантиметр аралығында.
Қазір үш сәби де мамандардың бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарып келе жатқанын атап өтті.