Оңтүстік Кореядағы жаппай төбелеске қатысқандар арасында қазақстандықтар болмаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Оңтүстік Кореяның Пхёнтхэк қаласында болған жаппай төбелеске қатысқандардың арасында әзірге Қазақстан азаматтары анықталған жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Пхёнтхэктегі жаппай төбелеске қатысушылардың ішінде жеке басы анықталғандар мен ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ», – деп хабарлады СІМ.

Жаппай төбелес 3 қазан күні кешке Пхёнтхэк қаласында балабақша мен бастауыш мектептің маңында болған. Алғашында куәгерлер жанжалға шамамен 40 адам қатысқанын хабарлаған. Алайда полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттегеннен кейін төбелеске тікелей шамамен 15 адамның қатысқанын анықтады. Оқиға орнынан құқық қорғау органдары ағаш таяқтар мен бейсбол таяқтарын тапқан.

Қазіргі уақытта полиция 20 жастағы екі ер адамды ұстады. Қалған қатысушыларды іздеу жалғасып жатыр. Олардың жеке басы мен азаматтығы анықталуда.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен жергілікті ақпарат құралдарында жаппай төбелеске Орталық Азия елдерінен шыққан азаматтар, оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары қатысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.