Қазақмыс өндірістегі цифрлық бақылау жүйесін жетілдіруді жалғастырады

Фото: Қазақмыс

ЖАҢАЛЫҚТАР
43

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазғанға жасаған жұмыс сапары барысында компанияның өндірістік және әкімшілік нысандарын, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысын көріп шықты. Сапар аясында цифрлық мониторинг пен өндірістік бақылау жүйелерінің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ахуалдық орталықта компания басшылығына кенді қабылдау мен өңдеуден бастап концентрат өндіру және жабдықтардың жүктемесіне дейінгі негізгі өндірістік үдерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа таныстырылды.

Сонымен қатар өндірістік нысандардағы позициялау және бейнебақылау жүйелерінің жұмысы көрсетілді. Диспетчерлік орталық экрандарында шахталар, өндірістік аумақтар, техника қозғалысы мен қызметкерлердің орналасуы онлайн режимде бақыланады. Бұл жүйе жағдайды жедел бағалап, бөлімшелер арасындағы үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді.

Руслан Өскенәлі диспетчерлік қызметтің тәулік бойы атқаратын жұмысымен танысып, бірқатар бөлім қызметкерлерімен кездесті.


Сапар қорытындысы бойынша компания басшысы өндірістегі цифрлық шешімдерді дамыту және бейнебақылау жүйелерін жаңғырту маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Компания өндірістік бақылаудың тиімділігін арттырып, мониторинг жүйелерінің жеделдігін күшейту үшін техникалық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарын жалғастырмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ыстықкөлде ММА спортшысы Медет Жээналиев суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркиялық танымал футбол агенті Али Емре Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темі...