“Оқушылар қаза тапты”: Мектеп автобусы жарылып, оқушылар тірідей жанып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2002

Пәкістанда мектеп автобусы жарылып, төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Лаңкес Пәкістандағы мектеп автобусын жарып жіберіп, төрт баланың өмірін қиды.

Шабуыл елдің оңтүстік-батысында, Белуджистан провинциясында болды. Автобус балаларды қалалық мектепке апарған. Жарылыс салдарынан төрт бала қайтыс болды, 38-і зардап шекті.

"Бірде-бір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ, дегенмен күдіктер аймақтағы қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайтын этникалық сепаратист – балучтарға түсуі мүмкін", - деп атап өтті жергілікті басылым.

Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви шабуылдаушыларды айыптап, балалардың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...