«Семей орманы» және тағы үш облыстың резерваты өртке дайын емес

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
625

«Семей орманы» резерваты, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес, деп хабарлайды madeniportal.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орман қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық барысы Президент пен Үкіметтің ерекше бақылауында. Экология және табиғи ресурстар министрлігі 158 мемлекеттік орман иеленушіні тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев «Семей орманы» резерваты, сондай-ақ Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары өрт қаупі жоғары кезеңге толық дайын емес», – делінген хабарламада.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың қатысуымен өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бүгінгі таңда ТЖМ-де 441 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Өңірлерде 230 ерікті құрылым, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 709 бекеті бар. Вице-премьер мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ жерлерде тағы 49 өрт сөндіру бекетін құруды жеделдетуді тапсырды.
Қанат Бозымбаев былтырғы «Семей Орманы» резерватының трагедиясы қайталанбауы тиіс екенін атап өтіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Абай және Қостанай облыстарында болған ірі табиғи өрттердің салдары әлі де есімізде. Әрбір қызметкерді өртке қарсы арнайы киіммен, рациялармен және қажетті құрал-жабдықтармен міндетті түрде қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», — деді Қанат Бозымбаев.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...