«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті

Фото: fcordabasy.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
182

Шымкенттегі «Ордабасы» кәсіби футбол клубы «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығына өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бүгін 16 ақпанда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен компания басшысы Шахмұрат Муталип меморандумға қол қойды.

Меморандумдағы негізгі бағыттар ретінде қатарына материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқаруды цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

«Integra Construction KZ» ЖШС басшысы Шахмұрат Муталип клубты дамыту жұмыстары әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.

«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...

PESTEL

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) 7 наурызда Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жаса...