Астанада Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт То...
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
8 желтоқсанда Женевада өткен Кеңестің жыл сайынғы сессиясы кезінде БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (МОМ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенді жаһандық ізгі ниет елшісі етіп тағайындады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұған дейін, 2024 жылы Димаш МОМ-ның өңірлік ізгі ниет елшісі болған.
Әртістің ресми сайтында айтылғандай, ол гуманитарлық науқандарға белсенді қатысып, көші-қон, адам саудасы және осал топтардың мәселелеріне назар аудартты. Сондай-ақ «Stranger» атты әлемдік туры барысында Димаш Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон, Берлин қалаларындағы аудиторияға инклюзивтілік пен тұрақтылық идеясын насихаттады. Ол концерт көрермендерін МОМ-ның гуманитарлық жұмысына қолдау көрсетуге шақырды.
«Димаш өз дауысын тыңдарманның жүрегін тебіренту үшін ғана емес, дағдарыстан зардап шеккен адамдардың үні естіліп, олардың мәдени ерекшеліктері байқалуы үшін де пайдаланып жүр», — деді МОМ бас директоры Эми Поуп.
«МОМ-мен жұмыс істеу менің өмірім мен мансабымдағы ең маңызды кезеңдердің біріне айналды. Әрбір науқан, әрбір бастама және әрбір әңгіме барысында мен бұл ұйымның белгісіздікке, қоныс аударуға және түрлі қиындыққа тап болған адамдарға қаншалықты әсер ететінін көрдім.
Жаһандық ізгі ниет елшісі атағын алу — мен үшін зор мәртебе. Мен бұл жауапкершілікті үлкен қарапайымдылықпен және терең жауапкершілік сезімімен қабылдаймын. Жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде мен мигранттардың мүддесін қорғауды және қауіпсіз көші-қон туралы ақпараттандыруды жалғастырамын. Инклюзивтілік пен тұрақтылық идеясын ілгерілете беремін. Сондай-ақ қаражат жинау және төтенше жағдайларға әрекет ету бағытындағы сіздердің күш-жігерлеріңізді қолдауды жалғастырамын», — деп пікір білдірді Димаш Құдайберген.