"Орыс тілді ортада жұмыс істегім келді". Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын басқару туралы шешімін түсіндірді

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2833

Ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын басқару туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Мәдениет порталы хабарлайды.

— Неге дәл Қазақстанның ұсынысы сізге қызықты болып көрінді? - деген журналистер сұрағына ол былай деп жауап берген:

— Қайдан келген ұсыныстар екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ мен қайтадан шетелдік ортада жұмыс істегім келмеді. Еш қарсылығым жоқ. Алайда екі жыл Венгрияда жұмыс істедім, онда ағылшын, неміс тілдерінде сөйлесу керек болды. Орыс тілді ортада жұмыс істегім келді. Мен Ресейге жұмыс істеуге келдім. Бірақ Қазақстан – орыс тілді ел, біз КСРО-да өстік – мен үшін бірдей.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...