Нағашысы зорлағаннан кейін анасы малшыға беріп жіберген қыздың сұмдығы

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1654

8 жасында нағашысы зорлаған қыз қиын тағдырын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева жазды.  Оның айтуынша, әкесі көз жұмғаннан кейін, анасы екеуі нағашыларының үйін паналапты. Ал анасы жұмысқа кеткен сайын ер адам қызды зорлап келген. Қыз 15 жасында нағашысынан жүкті болып қалады. Анасы біліп, қыздың өзін айыптап, түсік жасатады. Кейін оны малшыға тұрмысқа беріп жібереді. Ол терезесі жоқ үйде қызды қамап ұстап, бір апта бойы зорлайды. Ол жерден қашып құтылған қыз енді әділдік іздейді.

Ләззат Рақышеваның айтуынша қылмыстық істің тіркелмегеніне 6 күн болыпты.

"12 жастағы бала полицияға “зорландым” деп  барған , неге сол кезде баланың құқығы қорғалмаған?? 15 жасында екі қабат болып анасы түсік жасатқан , неге осы уақытқа дейін бала 10 рет суицид жасады? Біздегі ақпаратқа сәйкес, 8 жасынан бастап нағашымнан зорлық көрдім деген қыздың арызы осы уақытқа дейін сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркелмеген, бүгін 6 шы күн! Егер бала зорланғанын айтпаса айтпады дейді, зорланғанын айтса ешкім сенбейді!”, - деп жазды құқық қорғаушы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды,&nbs...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық...