Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің...
Талдықорғанда қонақ үй әкімшісі қаза тапты: Күдікті ұсталды
Фото: freepik
1998
24 мамырға қараған түні Талдықорған қаласындағы Paradise Villa қонақ үйінде өрт болып, сөндіру кезінде мекеменің 42 жастағы әйел әкімшісінің денесі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Құтқарушылардың айтуынша, жәбірленушіде 12 пышақ жарақаты салынған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер кісі өлтіру іздерін жасыру үшін қабылдау бөлімін өртеп жіберді.
Өрт таңғы сағат 04:14 шамасында басталып, 20 шаршы метрді қамтыды.
Сол күні 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Жетісу облысының полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша мәліметтер жарияланбайтынын хабарлады.