Өскеменде бір апта бұрын жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
125

Өскемен қаласында Үлбі өзеніне батып кеткен жас жігітті іздестіру жұмыстары аяқталды. Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД құтқарушылары 2003 жылы туған азаматтың мәйітін 9 мамыр күні тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні болған. Құтқарушылардың мәліметінше, жас жігіт Үлбі өзенінің шомылуға арналмаған, жабдықталмаған тұсында суға түскен. Марқұмның мәйіті оқиға болған жерден шамамен екі шақырым жерде, Степное ауылының маңындағы таяз тұстан табылды.

Жас жігітті табу үшін бір апта бойы ауқымды іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция өкілдері мен еріктілер , сондай-ақ жағалау сызығын бақылау үшін арнайы пилотсыз ұшу аппараттары қатысты.

Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды
ескертеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 9 мамыр күні тұрғын үй ауласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды: автотұраққ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Қ.-ға қаты...