Тәуелсіздік күніне орай Республикалық “Әкелер одағы” бірлестігінің ұйымдастыруымен Астан...
Өскеменде мектептен өрт шықты
Фото: ТЖМ
905
Өскемен қаласындағы Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектептің қабылдау бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткен сәтте жиһаз жанып жатқан. Құтқарушылар отты 20 шаршы метр ауданда жедел сөндірді. Мұғалімдер мен оқушылар мектеп ғимаратынан өздігінен эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.