«Ұшақты Ресей зымыраны атқан»: Әзірбайжан билігі Ресейдің мойындағанын күтіп отыр

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2140

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағынан Ресей зымырандары атқан, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Тергеу барысын білетін төрт дереккөз Reuters агенттігіне Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшағын ресейлік зымыран атып түсіргенін растады. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны Бакуден ұшқан ұшақтың үстінде жарылып кеткен. Ал Ресейдегі жауапты мамандар бұл туралы уақытында хабарлай алмаған. Әрі 25 желтоқсан күні Мәскеу украиналық дрондардың соққыларына қарсы әуе қорғанысы жүйесін бірнеше рет қолданғаны белгілі болды.

Енді Әзірбайжан билігі Ресейдің ресми мәлімдеме жасағанын күтіп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...