«Қызды дәретханаға сүйреп кіргізген»: Жамбылдағы мектеп-интернатта болған оқиға елдің жағасын ұстатты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2531

Желіде ұлдардың бір қызды мектеп дәретханасына сүйреп апара жатқан сәті жазылған видео тарады. Бұған қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ POLITICO.KZ сайтына сілтеп.

Желіде Жамбыл облысында түсірілген видео тарады . Кадрлардан қызды дәретханаға сүйреп апара жатқан ұлдарды байқауға болады. Видеодан сондай-ақ олардың есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, мекеменің жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты ешкімнен арыз түспегенін хабарлады. Алайда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында бейнежазбалар бойынша тексеру жүргізілді.

"Оқиғаға қатысушылардың бәрі – 1 және 2 сынып оқушылары анықталды. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын түсіндіру мақсатында олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді", - деп түсіндірді полицейлер.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына болған жайтты хабарламау фактісіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына лауазымды тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныс жолданды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...