Өскеменде мешітте ұрлық жасаған әйел ұсталды (ВИДЕО)

видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1134

Өскемендегі мешіттердің бірінен құны 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугі жоғалып кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ 37 жастағы әйелді ұстады. Тергеуге қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологияларын қолдану көмектесті. Сонымен қатар, ұсталған әйелдің басқа бір мешітте жасалған осындай ұрлыққа да қатысы бар екені анықталды.

«Барлық жағдайда күдікті бір схемамен әрекет еткен: тегін тамақ алу сылтауымен мешітке келіп, қызметтік бөлмелерден ұрлық жасаған. Кейін ноутбуктердің бірін сатып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған», – деді полиция.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...