Осы жылдан бастап миллиондаған адамның жалақысы артады

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
576

Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты миллиондаған азаматтың жалақысы артады. Себебі 2026 жылдан бастап жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу кезінде қолданылатын салық шегерімінің мөлшері айтарлықтай ұлғайтылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Егер бұған дейін салық шегерімі 14 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) болса, 2026 жылдан бастап ол 30 АЕК-ке, яғни 129 750 теңгеге дейін өсті.

Салық шегерімі дегеніміз – бұл табыстың салық салынбайтын бөлігі. Яғни жеке табыс салығы осы сома шегерілгеннен кейін ғана есептеледі. Осы өзгерістің нәтижесінде ай сайынғы жалақысы 150 мың теңге және одан төмен азаматтар ЖТС төлеуден босатылады. Тиісінше, олардың қолына алатын жалақысы көбейеді.

Қалай есептеледі?

Мысалы, ай сайынғы жалақыңыз 300-400 мың теңге болса, 400 мың теңге жалақы алатын жағдайда есептеу былай жүргізіледі: жалақыдан 129 мың теңге шегеріледі де, жеке табыс салығы қалған сомадан ғана есептеледі. Осы соманың 10 пайызы табыс салығы ретінде ұсталады.

Яғни:

10% – зейнетақы жарнасы,

2% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы ұсталады.

Еске салсақ, бұған дейін жалақыдан бар болғаны 55 мың теңге ғана (14 АЕК – 2025 жыл) шегерілетін.

Бұл норма жалақыға жұмыс істейтін барлық жалдамалы қызметкерге қолданылады.

Ал егер жалақы мөлшері бұдан да төмен болса, жеке табыс салығы мүлде ұсталмайды. Демек бұл азаматтың қолына тиетін жалақысы да көбейеді деген сөз. 

ӘДЕБИЕТ

Ілияс Есенберлин! Осы бір ұлы есім тілге оралғанда, кезінде жұмыр жерді тұлпарларының тұяғымен дүбір...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екібастұзда тұрмыстық жанжал кезінде ер адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Тағы...