Ақмола облысындағы тасжолда КамАЗ-пен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
513

Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы 27 маусым күні таңертең болды. Сағат шамамен 06:15-те Заречное – Елікті автожолының 2-шақырымында КамАЗ жүк көлігі мен LTM маркалы мотоцикл соқтығысқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sinegor.kz сайтына сілтеме жасап.

Соққының салдары ауыр болған. 2008 жылы туған мотоцикл жүргізушісі өмірмен сыйыспайтын ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Қазір жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...