Таиландта қазақстандық туристер отырған катерде жарылыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1919

Пхукет провинциясындағы Майтон аралының маңында туристер отырған катерде жарылыс болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Кеме ішінде Қазақстаннан келген демалушылар болғаны хабарланды. Пхукет аймақтық порт басқармасының директоры Начапонг Праниданың мәліметі бойынша, катердің қозғалтқышында ақау туындап, кейін лодка өртеніп, таңғы 09:00 шамасында жарылған.

Сол сәтте кемеде тек үш экипаж мүшесі болған: капитан, инженер және бір жұмысшы. Үшеуінің де денелерінде күйік пен жарылыстан алған жарақаттар бар. Сонымен қатар, үш турист пен гид зардап шекті. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Khaosod English порталының мәліметіне сәйкес, катер Қазақстан мен Ресейдің туристерін тасымалдаған. Барлығы 37 адам болған, оның ішінде 33 турист Ресей мен Қазақстаннан, бір гид және үш экипаж мүшесі.

"Капитан мен экипаж мүшесінің бірі күйік алды. Үш турист пен гид жарықшақтардан жарақаттанды", – деп қосып айтты Начапонг.

Оқиға орнына теңіз қызметтері жіберілді. Тайландтың теңіз қорғанысы орталығы көмекке кемені жіберді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...