Шерзаттың ісі бойынша команда жасақталды: Құрамында кімдер бар?

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1734

Танымал блогер Жан Мұқанов Шерзаттың ісіне қатысты тың дерекпен бөлісті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

Блогердің айтуынша, іске қатысты арнайы топ жинақталған.

«Міне бүгін толыққанды жәбірленушілердің құқығын қорғайтын адвокаттар мен заңгерлердің құрамы жасақталды. Олардың қатарында Мейірман Шекеев бастаған Әлім Мұстапаев, Бекзат Ниязов, Жандос Палманов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев және Дина Досаева ханым бар», - деді блогер Жан Мұқанов.

Шерзаттың ісіне қатысты алғашқы сот отырысы сәуір айының ортасында өтуі мүмкін.

«Біз іске кірістік. Істі мойыныздан өткізіп, қазіргі таңда барлық құжаттармен таныстық. Алла қаласа, жариялануға жататын ақпараттармен бөлісіп отырамыз. Біздің пайымдауымызша алғашқы от отырысы сәуірдің ортасында басталу керек», - деді Мейірман Шекеев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Еуразиял...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...