Отбасылық жанжал: Жаңаөзенде терапевт-дәрігерді ауруханада өлтіріп кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1039

Жаңаөзен қаласындағы ауруханада ер адам терапевт-дәрігерге пышақпен шабуыл жасады. Дәрігер алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Шабуыл жасаған адам кейін өз еркімен полицияға берілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға туралы журналист әрі қоғам белсендісі Айсұлу  Дүтбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Дәрігерлер әріптесінің өмірі үшін күресті. Бірақ нәтиже болмады. Маңғыстау облыстық полиция департаменті Жаңаөзенде пышақ жарақатынан 29 жастағы ер адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал ер адамдар арасында отбасылық мәселелерге байланысты туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындады», — деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...