Өзбекстанда жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
1551

Өзбекстанның Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Кодекстің жаңа редакциясына сай, енді жұмыс берушілер жүктілікке және бала тууға байланысты әйелдерді жұмыстан шығара алмайды. 

Айта кетейік, құжаттың бұған дейінгі нұсқасында осыған ұқсас жағдайларға қатысты тек шектеулер болатын. Яғни, жұмыс берушіге жүкті әйелдерді мүмкіндігінше қызметтен босатпау және оларды басқа жұмысқа ауыстырмау ұсынылатын. 

Сонымен қатар енді өзбекстандықтарға еңбек шартын электрондық форматта рәсімдеу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесінің» платформасы қолданылады. 

Еске салайық, биыл Өзбекстан үкіметі 5,2 млн адамға жұмыс ұсынып, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан 1,5 млн тұрғынның жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдамақ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...