Өзбекстаннан Қазақстанның үш қаласына автобус қатынайтын болады

Фото: uztrans.uz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2805

Өзбекстаннан Ресейге, Қытайға және Орталық Азия елдеріне жаңа халықаралық автобус бағыттары іске қосылады, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Қазақстанға жаңа автобус рейстері Бұхара-Түркістан, Үргеніш-Ақтау, Ферғана-Алматы (Тәжікстан аумағы арқылы) бағыттары бойынша жүретін болады.

Бұдан басқа автобустар Қырғызстан қалаларына жолаушылар тасымалдайтын болады: Әндіжан-Ош, Әндіжан-Жалал-Абад, Әндіжан-Арсланбоб, Касансай-Жалал-Абад, Бұхара-Бішкек.

Самарқанд пен Бұхарадан Душанбеге (Тәжікстан) тікелей рейстер ашылады. Нөкістен Үргеніш пен Бұхара арқылы Қытайдың Үрімші қаласына дейін жетуге болады. 

Сурхандария облысын Мәскеумен тікелей автобус рейстерімен байланыстыру жоспарланып отыр. 

СПОРТ

Павлодарда жекеменшік клубтар арасындағы волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде Шымкент волейбо...

Шоу-бизнес

Әнші Еркеш Хасенмен көңіл жарастырған актриса Жанель Серғазина әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіл...