Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнін атап өтті, деп хабарлады...
«Әділет» партиясы әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 млрд теңге бөлетінін хабарлады
Фото: Әділет партиясы
«Әділет» партиясының мүшелері мен партияның Іскерлік кеңесінің өкілдері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін 1 млрд 500 млн теңге жинады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Барлық жарна ерікті түрде берілген.
Ең ірі соманы Республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец аударды. Ол 600 млн теңге бөлді.
«Alageum Group» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов пен «ВД-Строй Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов 300 млн теңгеден көмек көрсетті.
Сонымен қатар Елбегі Әбдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмірин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірханов 50 млн теңгеден аударды. Олардың барлығы «Әділет» партиясы мен Іскерлік кеңестің мүшелері.
Жиналған қаражат қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін «Ұлттық рух» қорына аударылады.
Партия өкілдерінің мәліметінше, қаражат жинау жалғасады. Партияның басқа да мүшелері көмек көрсетуге атсалысып жатыр.
«Әділет» партиясының мүшелері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
