БАҚ-та Египте қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады деген ақпарат тарады. Cairo 24 хаб...
«Пара алған»: Экс ауыл шаруашылығы министрі өлім жазасына кесілді
repoct.org
625
Қытайдың бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Тан Жэньцзян өлім жазасына кесілді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бірақ үкім екі жылға кейінге шегерілді. Чанчунь қаласының соты оны 268 миллион юаньнан (шамамен 38 миллион доллар) астам пара алды деп айыпты деп таныды.
Тергеу мәліметі бойынша, 2007 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта шенеунік компаниялар мен жеке тұлғаларға ақша үшін көмектесіп отырған. Ол бұл үшін қызметтік өкілеттігін пайдаланып, олардың мүдделерін ілгерілеткен.
Үкімге сәйкес, оның барлық мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленеді. Сонымен қатар, Тан өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды. Егер екі жыл ішінде жаңа қылмыстар анықталмаса, өлім жазасы өмір бойғы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.