«Үнемі сіздерді ойлап жүремін»: Бельгия асқан қазақ баласы анасын әлі іздеп жүр

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2121

Арқалықтық Жәнібек Жұмағұлов әлеуметтік желіде анасы жайлы тағы бір жазба жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас. Менің жағдайым жақсы! Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін. Бұйырғаны болар. Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау. Бірақ дәл осындай естен кестпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді. Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін. Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын!», – деп жазды Жәнібек Жұмағұлов 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...